Қазақстан - Ресей матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 15 желтоқсанда хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Бірінші арна кубогындағы соңғы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кездесуде Қазақстан Ресей құрамасымен күш сынасады. Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталып, QAZSPORT телеарнасында көрсетіледі.
Кеше, 14 желтоқсанда Қазақстан ҚХЛ әлем құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бір күн бұрын хоккейшілеріміз 3х3 Бірінші арна кубогы турнирінің жартылай финалында Ресейден ұтылды (1:3). Ал 12 желтоқсанда ұлттық құрама Беларусь командасына төтеп бере алмады (1:3).
Еске сала кетейік, турнирге Қазақстан, Ресей, Беларусь құрамалары мен ҚХЛ әлем құрамасы қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или