Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта оралады

Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта оралады


Қазақ хоккейінің аты аңызға айналған cпортшысы Талғат Жайлауов «Барыс» сапында 3х3 лигасында өнер көрсетеді. Бұл туралы инсайдер Артур Хайруллин өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.

Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или