Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті


Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словакияның Пьештяни қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде екінші матчын өткізді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасымен кездесті. Ойын 3:0 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды. 

Бұл – отандастарымыздың турнир барысындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін, D тобының алғашқы матчында Қазақстан Словакиядан ұтылған еді.

Ендігі ойында қазақстандықтар Исландия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңіне, әр топта бірінші орын алған команда ғана жолдама алады.

Дереккөз: aikyn.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или