Серхио Рамостың мансабын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды

Серхио Рамостың мансабын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды


«Реал» мен Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос Аргентинада ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS басылымының мәліметінше, испандық ойыншыға «Бока Хуниорс» клубы үлкен қызығушылық танытып отыр. Аргентиналық клуб басшылары командада екі аңызды – Рамос пен қазіргі таңда «Бока» сапында ойнап жүрген уругвайлық Эдинсон Каваниді біріктіруді көздейді.

Келіссөздер қаңтар айында өтеді деп күтілуде. «Бока» клубтық әлем чемпионаты қарсаңында құрамын күшейткісі келеді. Бұл турнир 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтетінін еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или