Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орны жаңарды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (19-0) UFC рейтингінде жартылай орта салмақта ресми түрде екінші орынға көтерілді.
Отандасымыз ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) жеңгеннен кейін, үшіншіден екінші сатыға жоғарылады. Екінші орында болған Камару Усман (20-4) бір орын төмен сырғыды. Ал Гэрри жетінші орнын сақтап қалды.
Рейтинг көшін Леон Эдвардс (22-4) бастап тұр. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу Белал Мұхаммад (24-3) еншісінде. Ол UFC 310 турнирінде Шавкатпен шайқасуы керек болған. Алайда жарақатына байланысты бас тартқан еді. UFC президенті Дана Уайт бұл жекпе-жекті келесі жылы ұйымдастыруға ниетті.
Дереккөз: aikyn.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или