Луиш Нани мансабын аяқтады

Луиш Нани мансабын аяқтады

Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған Луиш Нани футболдағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы қараша айында 38 жасқа толды.

«Қоштасатын кез келді. Мен кәсіби ойыншы ретінде мансабымды аяқтауды шештім. Бұл таңғажайып саяхат болды. 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, маған көптеген ұмытылмас естеліктер сыйлаған, көмектескен және қолдаған барлық адамдарға алғыс айтқым келеді. Жаңа мақсаттар мен армандарға назар аударатын кез келді. Жуырда көріскенше!» — деп жазды Нани әлеуметтік желіде.

Луис Нани «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори» және «Адана Демирспор» клубтарында өнер көрсетті. Португалия құрамасында жартылай қорғаушы 2016 жылғы Еуро-да алтын, 2012 жылғы Еуропа чемпионатында және 2017 жылғы Конфедерация кубогында қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или