«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан сегізінші рет жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан сегізінші рет жеңіліп қалды

8 желтоқсан, жексенбі күні Санкт-Петербургте жергілікті СКА хоккей клубы мен астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) чемпионаты аясында матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу де 1:0 (1:0, 0:0, 0:0) есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз шайбаны СКА шабуылшысы Арсений Грицюк соқты. Ол 14-минутта шайба соқты.

Келесі кездесуде «Барыс» 17 желтоқсанда Мәскеудің «Динамосымен» сырт алаңда ойнайды.

СКА (Санкт-Петербург) - Барыс (Астана) 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 - Грицюк (Хайруллин, Коромыслов) - 13:48

Қақпашылар: Мойсевич - Бояркин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или