UFC 310 турнирінің басты шайқасы аяқталды
UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық файтер Александр Пантожа (28-5) мен жапондық Кай Асакура (21-4) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пантожа жеңіл салмақтағы UFC титулын ортаға қойды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ бірінші раундта чемпион қарсыласын қылқындырып тастады. Осылайша, Александр спорттық мансабындағы 29-шы жеңісіне қол жеткізсе, Асакура ММА-дағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Естеріңізге сала кетейік, UFC 310 турнирінің екінші маңызды шайқасында Шавкат Рахмонов (19-0) Ян Гарримен (15-1) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. «Номад» мансабында алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или