Шавкат Рахмонов өз жекпе-жегінен кейін Белал Мұхаммедті октогонға шақырды

Шавкат Рахмонов өз жекпе-жегінен кейін Белал Мұхаммедті октогонға шақырды

UFC-дің 310 нөмірлі турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

30 жастағы жерлесіміз ирландиялық Иэн Гарримен кездесті. Бес раунд қорытындысы бойынша Шавкат төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Жекпе-жектен кейін Рахмонов қонақтар қатарында отырған Белал Мұхаммедті октогонға шақырды. Қос файтер тұңғыш рет октогонда бет-бет кездесіп, бірін-бірі шайқасқа шақырды. 

Айта кетейік, Белал қазіргі таңда жартылай орта салмақта UFC чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или