Жеңіліп көрмеген файтер Шермурат Калилов қарсыласын бірінші раундта жеңді

Жеңіліп көрмеген файтер Шермурат Калилов қарсыласын бірінші раундта жеңді

Еуразиялық жекпе-жек лигасының ұйысдастыруымен өтіп жатқан OCTAGON 67 турнирінде кезекті жекпе-жектің жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирандық Махьяр Рафия (6-2) қырғызстандық файтер Шермурат «Пантера» Калиловпен (9-0) күш сынасты.

Жекпе-жек үш раундқа созылмады, себебі бірінші раундтың соңында Калилов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Бұл Шермурат «Пантера» Калиловтың кәсіпқой мансабындағы 10-жеңісі болды. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін ол UFC-де жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпион, «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (8-0) «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудечи Бритомен (11-4) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или