OCTAGON 67 турнирі: Курбан Идрисов алтыншы рет нокаутпен жеңіске жетті

OCTAGON 67 турнирі: Курбан Идрисов алтыншы рет нокаутпен жеңіске жетті

Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 67 турнирінде жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бахрейн намысын қорғайтын дағыстандық спортшы Курбан Идрисов (5-0) қырғыз файтері Бекчоро Тыныбековпен (3-2) күш сынасты.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раундтың соңында Идрисов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, дағыстандық спортшы карьерасында бірінші раундта алты жеңіс тіркеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпион, «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (8-0) «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудечи Бритомен (11-4) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или