Қазақстан мен Қырғызстан файтерлері арасындағы жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстан мен Қырғызстан файтерлері арасындағы жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды

Бішкекте өтіп жатқан OCTAGON 67 турнирінде аса жеңіл салмақтағы жекпе-жектің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

21 жастағы қазақстандық спортшы Бақдәулет Қорғанбай (3-0) 23 жастағы жергілікті файтер Кутман Үсүпқожоевпен (3-0) кездесті.

Салмақ шегінен асқаны үшін сары қағаз алған Қорғанбай жекпе-жекті сенімді түрде бастады. Алайда, ол екі рет қарсыласына белден төмен соққы жасап, ереже бұзды. Үшінші раундта екінші соққыдан кейін Усупкожоев жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Төрешілер кеңесінен кейін кездесу тең аяқталды деп жарияланды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпион, «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (8-0) «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудечи Бритомен (11-4) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или