Асылжан Бақытжанұлы Ресейдегі турнирде бұрынғы UFC файтерін жеңді

Асылжан Бақытжанұлы Ресейдегі турнирде бұрынғы UFC файтерін жеңді

Санкт-Петербургте (Ресей) «Наше Дело 86» турнирi өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ивенттің бастапқы кардында қазақстандық топ-спортшы Асылжан Бақытжанұлы өнер көрсетті. Оның қарсыласы бұрынғы UFC файтері Шамиль Гамзатов болды. Жекпе-жек 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа есептелді.

Кездесу нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Асылжан Бақытжанұлы кәсіпқой карьерасындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или