Дарынды қазақстандық хоккейші шотландиялық клубтан кету себебін түсіндірді
Өз ұрпағының дарынды қазақстандық хоккейшілерінің бірі, Сәтбаев қаласының 25 жастағы түлегі Артур Ғатиатов Шотландияның «Файф Флайерз» клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Головой Об Лед телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Ғатиатов Головой Об Лед бағдарламасына шешімінің себептерін айтып, карьерасын қайда жалғастыратыны туралы эксклюзив сұхбат берді:
– Өкінішке қарай, біз дұрыс командаға тап болмаған сияқтымыз. Лига өте жақсы, жылдам әрі қызықты. Мұнда көп канадалық ойыншылар бар. Бірақ дәл біздің клубта жеңіске жету оңай емес еді. Соңғы 20 матчта тек бірнеше жеңіс болды. Дегенмен бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды. Жеңілістермен жүру психологичлық тұрғыда қиын екен. Сол себепті маған Францияның «Шамони Мон-Блан» клубына ауысу ұсынылған кезде, келістім. Бапкермен телефон арқылы сөйлестім, ол маған команда туралы айтып берді. Қазір виза дайындап жатырмын, – деді хоккейші бағдарламаға берген сұхбатында.