Танымал ММА файтері мемлекеттік марапатқа ие болды
«Камиль Карате» лақап атпен ММА жекпе-жек шебері Камариддин Хасанов мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі OCTAGON лигасына сілтеме жасап.
«Бүгін мен «Тәжікстанның 100 табысты тұлғасы» номинациясында марапат алдым. Мені таңдағандарына шексіз қуаныштымын. Бұл үлкен құрмет әрі алға жылжу үшін ынталандыру. Жанымда болған және мені қолдаған барлық жандарға алғыс айтамын! Баршаңызды жақсы көремін! Тоҷикистон Ба Пеш», – деп жазды Камиль Карате.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда Бішкекте OCTAGON 67 турнирі өтеді. Оның басты жекпе-жегінде ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы, жеңілмеген «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (8-0) бразилиялық Клаудечи Бритомен (11-4) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы