Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан оқу-жаттығу жиынын аяқтады
2024 жылдың 16 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін Алматыдағы “Шымбұлақ” тау шаңғы курортында Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтті.
Жаттығу жиыны Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен, спортшыларды 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына және Алматыдағы тау шаңғы курортында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындау аясында өтті.
Жиын Олимпиадалық ынтымақтастықтың Continental Athlete Support Grantбағдарламасы аясында қаржыландырылды. Бұл грант спортшыларды аймақтық және әлемдік жарыстарға дайындауды қолдауға бағытталған.
Фристайл-акробатика бойынша ұлттық құраманың жеті көшбасшы спортшысы бес бапкердің басшылығымен жаттығуларға қатысты.
Азия ойындарына дайындалып жатқан спортшылар қатарында Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас, Роман Иванов болса, жасөспірімдер командасынан Асан Асылхан, Райымқұл Дінмұхаммед және Ардана Маханова жаттығу жиынынан өтті.
Фристайл-акробатика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Бағлан Іңкәрбек спортшылардың қазіргі дайындық деңгейін және жаттығу процесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
“Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтті, біз спортшылардың физикалық дайындығын жақсарту және техникалық дағдыларды пысықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, олардың қолдауы мен жиындарды ұйымдастырғаны үшін арнайы алғас білдіргім келеді. Біз спортшылардың қысқы Азия ойындарында, әрі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтижелер көрсететініне сенімдіміз. Әр спортшы бар күш-жігерін салып жұмыс істеді. Біз бәсекеге дайынбыз”, – деп атап өтті бапкер.