UFC Махачев – Царукян және Двалишвили – Нурмагомедов жекпе-жегін жариялады

UFC Махачев – Царукян және Двалишвили – Нурмагомедов жекпе-жегін жариялады

UFC Ислам Махачев (Ресей) – Арман Царукян (Армения) және Мераб Двалишвили (Грузия) – Умар Нурмагомедов (Ресей) жекпе-жектерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 қаңтарда Лос-Анджелестегі UFC 311 турнирінде өтеді.

Айта кетейік, Махачев пен Царукян арасындағы алғашқы жекпе-жек 2019 жылдың сәуір айында UFC Fight Night 149 турнирінде өтіп, төрешілер шешімімен Махачев жеңіске жеткен болатын. Аралас жекпе-жектен Махачевтің еншісінде 26 жеңіс және бір жеңіліс бар.

Умар кейінгі жекпе-жегін 2024 жылдың тамыз айында өткізіп, төрешілер шешімімен америкалық Кори Сэндхагенді жеңді. Умардың ММА-да 18 жеңісі бар. Двалишвили 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Шон О'Мэллиді төрешілер шешімімен жеңіп, титулды жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или