Қазақстанда сенсация жасаған файтер чемпионмен жекпе-жек өткізеді

Қазақстанда сенсация жасаған файтер чемпионмен жекпе-жек өткізеді

Еуразиялық жекпе-жек лигасы 6 желтоқсанда Бішкекте өтетін OCTAGON 67 турнирінің жаңа мейн-ивентін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда Қырғызстан астанасында өтетін ивенттің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы қырғызстандық файтер Муртазали Магомедов (8-0) мен Арген Абдыкадыр уулу (9-1) арасындағы чемпиондық кездесу болуы тиіс еді. Алайда, белбеуге үміткер соңғы сәтте жекпе-жектен бас тартты, оның орнына бразилиялық файтер Клаудечи Брито (11-4) шығады. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Брито 2023 жылы қыркүйекте жеңіліп көрмеген «Қазақ Сехудосы» Дамир Толеновқа (12-1) карьерасындағы алғашқы жеңілісін әкелген болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или