Қазақстандық хоккейшінің «Автомобилисттегі» жалақысы белгілі болды

Қазақстандық хоккейшінің «Автомобилисттегі» жалақысы белгілі болды


«Автомобилист» қорғаушы Даррен Дицпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екатеринбург клубының 31 жастағы хоккейшімен келісімі 2024/25 маусымының соңына дейін есептелген.

Өткен аптада канадалық ойыншы осы жылдың мамыр айынан бастап өнер көрсеткен «Авангард» клубынан кетті.

Telegram-дағы «Трансферы КХЛ» арнасының мәліметінше, Даррен Диц «Автомобилистпен» жасалған келісімшарт бойынша шамамен 20 миллион рубль табыс табады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или