Челябинскіде боксшы жаттығу кезінде қайтыс болды

Челябинскіде боксшы жаттығу кезінде қайтыс болды

Челябинскіде 22 жастағы боксшы Георгий Оголихин «Динамо» спорт сарайында жаттығу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«6 қарашада «Динамо» спорт сарайында жаттығу кезінде «Динамо» спорт мектебінің спортшысы Георгий Оголихин есінен танып қалып, қайтыс болды. 2002 жылы туған боксшы Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Владимир Рощенконың жетекшілігімен жаттыққан, медициналық рұқсат пен бокспен айналысуға сертификаты болған», - деп мәлімдеді Челябинск облысы бокс федерациясының баспасөз қызметі ресми сайтында.

Оқиғаға байланысты тексеріс ұйымдастырылды. Спортшының бапкері уақытша жұмыстан шеттетілді. Қайтыс болған спортшы Оголихиннің отбасына барлық қажетті көмек пен психологиялық қолдау көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или