Төрт B финалы: Қазақстан шорт-трек құрамасы World Tour екінші кезеңінде қалай өнер көрсетті
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен World Tour сериясының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жекелей сында ең үздік нәтижені Денис Никиша көрсетті. Ол 500 метр қашықтықта B финалына шығып, екінші орынмен мәреге жетті.
Әйелдер арасында Ольга Тихонова 1500 метр қашықтықта жартылай финалға дейін жетті. Ол өз жарысында жетінші орын алып, финалға өте алмады.
Қазақстанның барлық үш эстафеталық құрамы B финалына қатысты.
Ерлер бірінші орын алды, ал әйелдер екінші нәтижені көрсетті, сондай-ақ аралас құрам B финалында үшінші болып жарысты аяқтады.
Шорт-трек – олимпиадалық спорт түрі. Сонымен қатар медаль көп сарапқа салынатын спорт түрі болғандықтан, шорттрекшілердің жүлдеге іліну мүмкіндігі де жоғары болып келеді.