«Реал Мадрид» табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті
«Реал Мадрид» көмек қолын созды, деп хабарлайды Prosports.kz
Мадридтің клубы Валенсиядағы су тасқанынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млн еуро аударды.
Айта кетейік, Испанияның Валенсия автономиялық қауымдастығында алапат су апаты болып жатыр. Бұндай елде соңғы 50 жылда болмаған.
Соңғы дерек бойынша табиғат апаттың салдарынан дүниеден өткендердің саны 158-ге жеткен. Жоғалып кеткендердің саны нақты белгісіз.
Осыған дейін Ла Лиганың 12-туры аясындағы «Валенсия» мен «Реал» матчы кейінге шегерілген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или