Белал Мухаммад жарақатына байланысты UFC 310 турниріне қатыса алмайды
Орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) жарақатына байланысты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпежек өткізбейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Америкалық спортшы Instagram-дағы парақшасында 6 апта шаршы алаңға шығыға алмайтынын жариялады.
– Менің аяғымнан сүйек инфекциясы пайда болды. Келесі 6 апта бойы физикалық белсенділіксіз білегімнен антибиотиктер салуға тура келді. Алланың жоспары - ең жақсы жоспар. Мені көру үшін келгендердің барлығынан кешірім сұраймын. Жақында ораламын, иншАлла, - деп жазды ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, италиялық журналист Al Zullino әлеуметтік желіде бірнеше дереккөз Белал Мухаммадтың қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жекке шыға алмайтынын растағанын, сондай-ақ Шавкатқа басқа қарсылас қарастырып жатқанын атап өтті.