UFC 308: Топуриа – Холлоуэй жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
26 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) UFC 308 турнирінің басты жекпе-жегінде испаниялық-грузиялық файтер Илья Топурия мен америкалық Макс Холлоуэй жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топурия 27 жаста және қазіргі UFC чемпионы. Испания атынан шығатын грузиндік файтер ММА бойынша 15 жекпе-жек өткізіп, әрқайсысында жеңіске жеткен. Ол кейінгі жекпе-жегінде австралиялық Александр Волкановскиді жеңіп, белбеуді жеңіп алған болатын.
Холлоуэй 32 жаста, оның мансабында 26 жеңіс пен 7 жеңіліс бар. Кейінгі жекпе-жегінде америкалық отандасы Джастин Гэтжиді жеңген болатын.
Топурия – Холлоуэй жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі шамамен Астана уақытымен 00:30-да басталады. Бұл жекпе-жекті UFC ресми сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.