Хамзат Чимаев мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Хамзат Чимаев мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ресейлік жеңіліп көрмеген UFC файтері Хамзат Чимаев аралас жекпе-жектен қашан кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен қазір 30 жастамын. 35-ке дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын, тағы бес жыл. Содан кейін не болатынын көреміз. Егер өлмесем, бизнес ашып, тұрақты өмір сүремін», - деді Чимаев Eye Am Podcast-қа берген сұхбатында.

26 қазанда Хамзат Чимаев Абу-Дабидегі (БАӘ) UFC 308 турнирінде австралиялық Роберт Уиттакермен жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или