Асу Алмабаев қанша жылдан бері жеңілмей келеді?

Асу Алмабаев қанша жылдан бері жеңілмей келеді?

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) UFC-дегі кезекті шайқасында бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алмабаев Николауды төрешілер шешімімен ұтты - 29-28, 29-28, 29-28.

Бұл Асудың мансабындағы 17-ші, UFC-дегі төртінші жеңісі болды. Бұған дейін Алмабаев америкалық Ауди Осборнды (12-8), Си Джей Вергараны (12-6-1) және Хосе Джонсонды (16-9) да жеңген болатын. Николаумен жекпе-жекке дейін Асу UFC рейтингінде жеңіл салмақта 14-ші орында болса, оның қарсыласы 7-ші орында тұрды.

Айта кетейік, Асу соңғы рет 2017 жылы жеңіліс құшқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или