Шавкат Рахмонов қарындасының аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты

Шавкат Рахмонов қарындасының аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың аралас жекпе-жекпен айналысқанын құптамайтынын айтты. 

Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері. Сора Рахмонова кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион секілді спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері атанған.

- Қазір қарындасым тұрмыста. Менің ойымша оған енді күйеуі жауапты болады және оның спорттық мансабы туралы шешімді екеуі бірігіп қабылдайды. Оған енді аралас жекпе-жекпен айналысудың қажеті шамалы деп санаймын. Тұрмысқа шыққаны маған жақсы болды. Қазір мен оның спорттық мансабы туралы бас қатырмаймын. Күйеуі жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұрын менде бұл жауапкершілік болды, әрине, қолдадым. Бірақ қазір оған бұл спорт түрімен айналысудың керегі жоқ деп ойлаймын, - деді Шавкат Рахмонов YouTube желісіндегі "Hustle Show" подкастында. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или