Қуат Хамитов атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады.
“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады.
Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.
Дереккөз: Stan.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или