Тарихи рекорд қойған промоушен чемпионды қатарына қосты
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі жеңіл салмаққа жаңа файтер келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның жаңа файтері тәжікстандық танымал Фазлиддин Мадрахимов (12-5) болды, ол жеңіл салмақта Hardcore FC лигасының чемпионы болған.
Еске салайық, 6 қазанда өткен OCTAGON 64 турнирінің YouTube-каналдағы тікелей трансляциясы 2.2 миллион қаралым жинаған еді. Бұл әлемдік ММА-лигалардың бұл платформадағы жетістіктерінің бірі болды.
27 қазанда Алматыда OCTAGON 65 ивенті өтеді, басты жекпе-жекте қазақстандық Нұржан «Бизон» Ақышев (16-4-1) пен өзбекстандық Мавлонбек Миркомилов (6-2-1) жеңіл салмақта уақытша чемпион титулын сарапқа салады.
OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі