Финляндия жастар құрамасының бұрынғы хоккейшісін өлтіріп кетті

Финляндия жастар құрамасының бұрынғы хоккейшісін өлтіріп кетті

Финляндияның Эспоо қаласында бұрынғы кәсіпқой хоккейші Янне Пухакканы өлтіріп кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 29 жаста еді.

Ilta-Sanomat газетінің хабарлауынша, кісі өлтіру оқиғасы жексенбі күні кешке пәтерде болған. Пухакканы 66 жастағы норвегиялық Рольф Нордмо аңшы мылтығымен атып өлтірген. Нордмо ұсталып, өз кінәсін мойындады.

Пухакка Финляндияның жастар мен жасөспірімдер құрамаларында, сондай-ақ «Эспоо Юнайтед», «ТуТо» және франциялық «Гап» командаларында ойнады. 2018 жылы мансабын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или