Өзбек файтері қазақстандық спортшыны нокаутқа түсірді

Өзбек файтері қазақстандық спортшыны нокаутқа түсірді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 64 аралас жекпе-жек шарасы аясында жеңіл салмақтағы қызықты жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.

Әйгілі өзбекстандық «Кокандский лев» Амирхон Алихуджаев (10-4) қазақстандық файтер Нұрбек Тәжібаевпен (6-3) кездесті.

Жекпе-жектің бірінші раунды төртінші минутында Алихуджаев Тәжібаевты ауыр соққымен нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, басты шайқаста чемпиондық титул иесі өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) пен тәжірбиелі қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (17-6) кездеседі.

Жекпе-жек кешінің нағыз қызығы атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» файтер мен өзбекстандық Одилхон Камолов (5-2) арасындағы мега-реванш болмақ.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или