OCTAGON 64: Тәжікстандық «Гангстер» өзбекстандық қарсыласынан жеңіліп қалды
Алматыдағы OCTAGON 64 турнирінде негізгі кардттың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақта өзбекстандық Азизбек Темиров (4-0) пен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (7-3) кездесті.
Бірінші раундтың 30 секундында Темиров қарсыласын қатты соққымен нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, басты шайқаста чемпиондық титул иесі өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) пен тәжірбиелі қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (17-6) кездеседі.
Жекпе-жек кешінің нағыз қызығы атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» файтер мен өзбекстандық Одилхон Камолов (5-2) арасындағы мега-реванш болмақ.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink