Өзбекстандық файтер қарсыласын бірінші раундтта нокаутқа түсірді
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 64 турнирі аясында алдын ала кардттың финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта өзбекстандық файтер Асадбек Саидов (2-0) мен Қазақстан спортшысы Бабыр Маймақов (4-0) күш сынасты.
Бірінші раундта-ақ өзбекстандық файтер қарсыласының бауырына ауыр соққымен нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, басты шайқаста чемпиондық титул иесі өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) пен тәжірбиелі қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (17-6) кездеседі.
Жекпе-жек кешінің нағыз қызығы атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» файтер мен өзбекстандық Одилхон Камолов (5-2) арасындағы мега-реванш болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или