Қазақ пен өзбек файтерінің арасындағы жекпе-жекте күтпеген нәтиже тіркелді

Қазақ пен өзбек файтерінің арасындағы жекпе-жекте күтпеген нәтиже тіркелді


Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 64 турнирінің кезекті жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақ лимитінде өзбек файтері Асадулло Расулов (2-0) пен қазақстандық Дархан Дабылбек (3-1) кездесті.

Өзбек файтері үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермей, басымдық танытты. Сол себепті үшінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Асадулло Расуловқа берді.

Кеш барысында көрермендер 14 жекпе-жек көре алады. Басты шайқаста чемпиондық титул иесі өзбекстандық Ислам Балтаев (5-2) пен тәжірбиелі қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (17-6) кездеседі. 

Жекпе-жек кешінің нағыз қызығы атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» файтері мен өзбекстандық Одилхон Камолов (5-2) арасындағы мега-реванш болмақ.

Басты кардта Шохасан Мирзаматов (13-3) бразилиялық Педро Фариаспен (10-7) төбелеседі. 

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или