«Барыстың» ірі жеңілістен кейінгі алғашқы «құрбандары» белгілі болды

«Барыстың» ірі жеңілістен кейінгі алғашқы «құрбандары» белгілі болды

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын сәтсіз бастағаннан кейін шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Трансферы КХЛ» телеграм-арнасының ақпараты бойынша, 28 жастағы америкалық шабуылшы Чейс ДеЛео «Барыстан» жақын арада кетеді. Сондай-ақ канадалық шабуылшы Джастин Эллисонның да кету ықтималдығы жоғары.

Еске салайық, қазақстандық клуб ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында соңғы орында тұр. Кейінгі матчында «Барыс» «Торпедодан» 1:10 есебімен жеңілген еді. 

Айта кетейік, 3 қазанда «Барыс» сырт айдында Мәскеудің «Спартак» клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или