«Бурабай» спорт сарайында хоккейден халықаралық турнир өтті

«Бурабай» спорт сарайында хоккейден халықаралық турнир өтті

Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының көшпелі кубогі үшін хоккейден халықаралық турнир өтті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бурабай» спорт сарайының мұз айдынында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Астананың «Барыс-Фанс», щучьелік «Кокшебель», Көкшетаудың «Дизайн Сити» және Ресейдің Омбы қаласынан келген «Алмаз» хоккей клубтары қатысты.

Жарыс барысында әрбір команда өзінің ұйымшылдығы мен бірлігін паш етті. Үш күнге жалғасқан додада көкшетаулық «Дизайн Сити» клубын 3:4 есебінен жеңген омбылық «Алмаз» командасы турнир жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, омбылық команда құрамына «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының өкілдері де болды. Бұл Қазақстан мен Ресей еліндегі көшбасшы партиялардың өзара әріптестік байланысын дамытуға септігін тигізбек.

«Турнир өте тартысты өтті. «Нұротандықтар» саяси аренада ғана емес, мұз айдынында да өздерінің көшбасшы екенін дәлелдей алды», - деді «Алмаз» ХК ойыншысы, «Единая Россия» БСП мүшесі Радик Миниханов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или