Қуат Хамитов бәсте ұтқан автокөлігін көрсетті

Қуат Хамитов бәсте ұтқан автокөлігін көрсетті

28 қыркүйек Алматыдағы бокс кешінде ММА жауынгерлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізген еді. 6 раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Спортшылар автокөлікке бәстескен. Жекпе-жектен кейін Қуат Хамитов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қарсыласының сөзінде тұрғанын жазып, жеңіп алған автокөлігін көрсетті.

- Жекпе-жектің басты сыйлығымен фото. Нұрберген Шарипов нағыз еркек екен, өзінде тұрды, - деп жазды Хамитов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или