UFC-дегі алғашқы қазақстандық файтер кәсіпқой бокстағы дебютін өткізді

UFC-дегі алғашқы қазақстандық файтер кәсіпқой бокстағы дебютін өткізді

27 қыркүйекте Атлантада (Джорджия, АҚШ) қазақстандық Мария Агапова кәсіпқой бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін жеңіліп көрмеген германиялық Николь Шеферге (3-0-1, 3КО) қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, тең аяқталды. Төрешілер есебі – 57:57, 57:57, 57:57.

Айта кетейік, Мария Агапова бұған дейін MMA-да өнер көрсетіп, UFC лигасының файтері болған. Аралас жекпе-жекте 15 кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңіліске ұшырады.

Ал Николь Шефер бокстағы екінші жекпе-жегін тең аяқтады. Сондай-ақ ол үш мәрте жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или