Петр Ян келесі жекпе-жегінің күні мен UFC-дегі қарсыласының есімін білді
Жеңіл салмақ санатындағы «уақытша» UFC титулының бұрынғы иегері Петр Ян келесі жекпе-жегін кіммен, қайда және қашан өткізетінін білетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қарсылас, жекпе-жек күні мен орны алдын ала белгіленіп қойған», - деп жазды Ян өзінің әлеуметтік желісідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ян соңғы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізіп, қытайлық Сонг Ядунды жеңген болатын.
Жалпы ресейлік қазіргі уақытта 22 жекпе-жек өткізген. Оның 17-сінде жеңіске жетсе, 5-інде ғана жеңілістің дәмін татқан. Сыбыстарға қарағанда, Янның келесі қарсыласы жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Дейвсон Фигейредо болуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или