Допинг үшін жазаланған Қазақстан тумасы UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды
Невада штатының атлетикалық комиссиясы ресейлік UFC файтері Ирина Алексееваға қатысты допинг ісін жапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алексееваның 2023 жылғы 21 маусымда жүргізген сынақтары тестостерон деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Алайда ресейлік спортшы допинг сынамасының сәтсіз өткені туралы алғаш рет 2023 жылдың 14 қазанында білген. Сондықтан, Атлетикалық комиссия бұл күнді спортшының дисквалификацияның басы деп есептейді.
24 қыркүйекте Атлетикалық комиссияның ай сайынғы отырысы Ирина Алексееваның спорттан шеттетілуін 2024 жылдың 14 қазанында тоқтату туралы шешім қабылдады. Ресейлік 15 қазаннан бастап кез келген күні октагонға орала алады.
Ирина Алексеева ММА бойынша 7 жекпе-жек өткізіп, 5 жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или