Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына ақшалай сыйлық жасады

Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына ақшалай сыйлық жасады

22 қыркүйекте Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге сыйға тартты.

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен болатын.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или