Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі ресми жарияланды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) келесі жекпе-жегін 9 қараша күні Братиславада (Словакия) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Alash MMA Warriors Instagram-ға сілтеме жасап.
Жұмағұловтың қарсыласы америкалық Аарон Эби (16-9-1) болады.
Жалғас Жұмағұлов ММА-дағы кейінгі ресми жекпе-жегін ақпан айында өткізді ол Naiza FC 57 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық файтер Кливленд Маклинді (17-2) төрешілер шешіміиен жеңді. Қарсыласына келетін болсақ, Аарон Эби кейінгі рет сәуір айында жекпе-жек өткізіп, отандасы Сэм Крисиге (19-5) есе жіберген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или