«Достық» гандболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Алматыда әйелдер клубтары арасында гандболдан VII Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл турнирде Қазақстан намысын екі клуб қорғап жатыр: «Достық» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда).
Бүгін «Достық» «Голден Иглз Бхарат» (Үндістан) командасына қарсы ойын өткізді. Кездесу 28:25 есебімен қазақстандық гандболшылардың пайдасына аяқталды.
Чемпионатқа Кувейт, Үндістан және Өзбекстан клубтары қатысып жатыр. Жарыс 29 қыркүйекте аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или