Гран-при чемпионы атанған қазақстандық екі дзюдошы әлемдік рейтингте бірнеше сатыға көтерілді
Қазақстандық дзюдошылар Жанарыс Рахметқали мен Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады. Жақында екеуі де әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Жанарыс Рахметқали 66 кг салмақ дәрежесі бойынша рейтингте 15 сатыға көтеріліп 34-орынға тұрақтады. Ал Шерзод Давлатов 60 кг cалмақтағы дзюдошылардың рейтингінде бірден 30 сатыға жоғарылап, 42-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, қос қазақстандық дзюдошы Загребте (Хорватия) өткен дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или