Ғалия Тынбаева рейтингте екі сатыға жоғарылады
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz
48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар.
Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын.
Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или