«Барыс» сырт алаңдағы ойындар сериясына қатысатын құрамын жариялады
Дэвид Немировски шәкірттері жаңа маусымдағы алғашқы сапарына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда Екатеринбург, Қазан және Балашихада өнер көрсетеді.
«Барыс» құрамы:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Владимир Никитин.
Қорғаушылар: Виктор Антипин, Адиль Бекетаев, Уилл Бутчер, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Никита Камалов, Артём Королёв.
Шабуылшылар: Алихан Асетов, Антон Бурдасов, Чейс ДеЛео, Дамир Жафяров, Владислав Кодола, Динмухамед Кайыржан, Майкл Маклауд, Максим Мухаметов, Алихан Омирбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Коннор Смит, Роман Старченко, Ансар Шайхмедденов, Уэйд Эллисон.
Батырлан Мұратов пен Натан Боульё «Барыстың» жарақат алғандар тізімінде қалды. Сондай-ақ, Даниил Апальков медициналық себептерге байланысты қатыспайды. Всеволод Логвин мен Олег Бойко келесі уақытты «Номадта» өткізеді.