Танымал қазақстандық файтер UFC-мен келіссөз туралы айтты
Жеңіл салмақтағы Naiza FC чемпионы Дастан Амангелді UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазірше UFC-мен келіссөз жүргізілген жоқ, бірақ менеджерім Саят Әбдірахманов жақсы нұсқалар болса, бірден айтатынын айтты. Ал қазір жаттығуды жалғастырып, Naiza FC белбеуін қорғауға дайындалып жатырмын», - деді Амангелді.
Амангелді (7-1) ақтөбелік «Еркін Күш» клубындағы командаластары Нұрбек Қабдрахманов (10-2) және Бағдат Жұбанышпен (5-1) бірге АҚШ-тағы American Top Team спорт залында жаттығып жатыр.
2023 жылы 21 желтоқсанда Амангелді Корея спортшысы Ю Сон Ёнды нокаутқа түсіріп, Naiza FC чемпионы атағынған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или