Қарсыласына қысым көрсеткен экс-чемпион торға оралады
Octagon лигасының ең жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Сүндет Айтқұлдың (7-2) қарсыласы мен торға оралу күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жанжалды жауынгер 27 қыркүйекте OCTAGON 63-те бразилиялық «қасқыр» лақап атымен танымал Веллингтон Перейраға (8-7) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айтқұл титулға әлеуетті үміткер өзбек файтері Сухроббек Атажановты (7-1) «к*тіңді айырамын» деп қорқытқан болатын. Бірақ сегізбұрыштағы экстремалды шайқаста қазақстандықты қытайлық Кингхе Жанг сенсациялық түрде нокаутқа жіберді (14-7).
https://www.instagram.com/p/C_71r0JosCz/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Айта кетейік, OCTAGON 63 шарасы 27 қыркүйекте Алматыда өтеді, кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта өзбекстандық Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслан Қасымалыұлының (8-0) кездеседі.
Турнирдің хедлайнері атақты қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (7-3) болмақ, ол үнділік Кушал Вяспен (11-16) төбелеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!