ММА ірі турнирінде Қазақстанның қатысуымен көршілес текетірес өтеді
Алматыда 27 қыркүйекке жоспарланған Octagon 63 турнирінде Қазақстан мен Қырғызстан жауынгерлерінің тордағы кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық файтер Бақтияр Несіпбек (9-4-1) сегізбұрышта қырғыз файтері Жақыпбек Балтабай уулумен (5-2) кездеседі. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, OCTAGON 63 шарасы 27 қыркүйекте Алматыда өтеді, кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта өзбекстандық Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслан Қасымалыұлының (8-0) кездеседі.
Турнирдің хедлайнері атақты қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (7-3) болмақ, ол үнділік Кушал Вяспен (11-16) төбелеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!