UFC-ден кеткен қазақстандық файтерге жаңа қарсылас табылды

UFC-ден кеткен қазақстандық файтерге жаңа қарсылас табылды

Белгілі қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов (25-0-4) келесі жекпе-жегінде кіммен күш сынасатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 қыркүйекте Исмағұлов Ақтөбеде өтетін Alash Pride FC 100 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Бастапқыда қазақстандық спортшы бразилиялық Адриан Мартинспен кездесуі керек еді, бірақ Мартинс жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Оның орнына 37 жастағы отандасы Обердан Виейра Тенорио (31-1-13) шығады.

Еске салайық, Дамир Исмағұлов 1 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 48 турнирінде 29 жастағы америкалық Грант Доусоннан (20-1) жеңілгеннен кейін UFC-ден кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или